Алматыда қазақстандықтарды алдаған шетелдік call-орталықтың қызметі тоқтатылды

Сурет: freepik
Құқық қорғау органдары, "Қазақтелеком" және "Кселл" АҚ арасында жасалған өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен Алматы полиция департаментінің қызметкерлері шетелдік алаяқтық call-орталықтың заңсыз қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтарын тарта отырып, телефон арқылы алаяқтықтың құқыққа қарсы схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қаскүнемдер SIP-нөмірлерді сатып алып, пайдаланған, олар арқылы ақша қаражатын ұрлау мақсатында азаматтарға мыңдаған алаяқтық қоңыраулар жасаған.

Жүргізілген жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде call-орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін серверлер анықталып, токтан/желіден ажыратылды. Заңсыз әрекеттер толығымен тоқтатылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік