Қарағандыда дәмхана жарылыс болып, төрт адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда көшедегі дәмханадағы газ баллонының жарылуы салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 22 қаңтар күні Ермеков көшесінде болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көшедегі киоск ішінде көлемі 17 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылып, артынша өрт шыққан.

Өрт киосктің сыртқы және ішкі қаптамасын, жиһазды, тұрмыстық техниканы зақымдаған. Өрттің аумағы шамамен 30 шаршы метр болды.

Киосктен көлемі 27 литр болатын екі газ баллоны сыртқа шығарылып, өрттің әрі қарай таралуының алдын алуға мүмкіндік берілген.

"Оқиға салдарынан күйік белгілері бар төрт адам зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі