Рудныйда кісі өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімдерге қатысты істің мән-жайы белгілі болды

Сурет: polisia.kz
Қостанай облысының прокуратурасы Рудныйдағы кісі өліміне қатысты қосымша мәліметтерді жариялады. Бұл оқиғадан кейін екі жасөспірім бүкіл ел аумағында іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі берген ресми түсініктемеде былай делінген:

"2026 жылғы 23 қаңтарда Рудный қаласында 19 жастағы жергілікті тұрғынды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2008 және 2009 жылы туған екі күдікті анықталды. Аталған тұлғаларды іздеу және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, тергеу барысы бақылауда".

Бұған дейін Рудныйдағы кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

Қостанай облысының полиция департаменті күдіктілердің анықталғанын және оларды ұстау үшін полицияның жеке құрамы бүкіл Қазақстан бойынша бағдарланғанын мәлімдеген. Күдіктілерді ұстау бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқаны да айтылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты