Атырауда жоғалған тұрғынның денесі 19 күннен соң Жайықтан табылды

Сурет: видео скрині
Атырау облысында жоғалған 59 жастағы азаматтың денесі 19 күннен кейін табылды.  9 қаңтарда жоғалған адамның денесі жеке заттары табылған орыннан 100 метрге жуық қышықтықта Жайық өзенінен 2 метр тереңдіктен шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, кейін ер адамның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды, деп жазды Kazinform.

Іздестіру-құтқару жұмыстары аясында Жайық өзенінің жағалауын, өзен түбін егжей-тегжейлі зерттеу мақсатында құтқарушылар сүңгу, су асты дронымен өзенді қарау жұмыстарын жүргізді. Алайда алғашында іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді.

"Су айдынындағы қолайсыз жағдайлар, су асты ағысының қатты болуы, көріну деңгейінің төмендігі және гидрологиялық жағдайдың күрделілігі іздеу жұмыстарына кедергі келтірді. Құтқарушылар барлық қауіпсіздік талапты сақтай отырып, мүмкін болған барлық шараны қабылдады", - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, ҰҰ № 5546 әскери бөлімі сарбаздары, еріктілерден барлығы 25-тен астам адам, 9 техника, 1 жүзу құралы, 2 кинологиялық есептоп, 1 су асты дроны, ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды.

Еске салайық, Атырау қаласына ем алуға келген Мақат ауданының тұрғыны Талғат Назаров 9 қаңтар күні шамамен сағат 13:30–да Көкарна ауылындағы қызының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Туыстары сол маңдағы бейнебақылау камералары арқылы оның Жайықтың жағасымен жаяу кетіп бара жатқанын анықтаған. Келесі күні жағалау бойынан бас киімі мен телефоны табылған еді.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды