Қытайлық турист Алматы тауларында ауыр жарақат алды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Қытайдың 27 жастағы азаматы Алматы тауларында жарақат алды. Оқиға Медеу ауданы аумағындағы Богданович мұздығы маңында, шамамен 3 500 метр биіктікте болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің алдын ала мәліметінше, әйел басын жарақаттап алған.

"Оның қан кетуі байқалды, өздігінен төмен түсе алмады. Зардап шегуші қытайлық үш туристтен тұратын топ құрамында болған. Құтқару операциясын жүргізу үшін Алматы қаласының Жедел-құтқару жасағы, Құтқару қызметі және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары шұғыл түрде жіберілді", – деп хабарлады министрлік өкілдері.

Нақты геолокация анықталғаннан кейін құтқарушылар туристерге жетіп, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Құтқару жұмыстары биік таулы аймақта жүргізіліп, қараңғы түсуіне байланысты қиындай түскен.

Заманауи жедел-құтқару техникасы мен реанимобильдің көмегімен шетелдік азаматтар Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті