Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынылады

Фото: pexels
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов 2026 жылғы 4 ақпанда өзінің депутаттық сауалында ауылдық елді мекендердегі тұрғын үй тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерге жасаған жұмыс сапарлары барысында тұрғындар тарапынан ең жиі көтерілетін мәселелердің бірі ауылдағы тұрғын үй тапшылығы болып отыр.

"Кездесулерде ауыл халқы, әсіресе жастар мен жас отбасылар, "үй болса, ауылда қалар едік", "тұратын баспана жоқ болғандықтан қалаға көшуге мәжбүрміз" деген уәждерін ашық айтуда. Бұл мәселе ауылдан жастардың жаппай көшуіне, кадр тапшылығына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлсіреуіне тікелей әсер етуде. Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында және "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілгенімен, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін қалыптастырылмаған. Қолданыстағы бағдарламалар негізінен инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды қамтиды, ал тұрғын үй мәселесі жүйелі түрде шешілмей отыр",- деді ол.

Депутаттың айтуынша, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталған мақсатты бағдарламалар ауылды сақтаудың және дамытудың тиімді құралы болып табылады.

"Еліміздегі оң тәжірибеге тоқталсақ. Қызылорда облысы – Қазақстанда баламасы жоқ бастамаларды қолға алған бірегей аймақ. Өңір басшылығы құрылыс қарқынына сараптама жасай келіп, қалада тұрғын үй неғұрлым көп салынған сайын, соғұрлым ауылдан жастардың қалаға көшу көрсеткіші де өсетінін байқаған. Оның нәтижесінде, орталықта емес, ауыл-аймақтарда тұрғын үй салу жұмыстарына басымдылық беру қажеттілігі туралы шешім қабылданған. Нәтижесінде, соңғы 3 жылда Қызылорда облысының барлық аудандарында жаңа тұрғын үйлер салынып, алғаш рет 1800-ге жуық пәтер пайдалануға берілген. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58,7 млрд теңге бөлінді",- деп мәлімдеді депутат.

Осыған байланысты,ол Үкіметке төмендегідей нақты ұсыныстар енгізді:

Бұған дейін депутат агротехникалық колледждерді қаржыландыруды қайта қарауды ұсынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды