7 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғады жел, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау да оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі. Қонаевта кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта көктайғақ, тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.

Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Өскеменде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астанада түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды