Дуров Telegram-ның Ресейдегі жағдайы туралы пікір білдірді

Сурет: Telegram/durov
Кәсіпкер, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде Telegram қосымшасының қолданылуына қатысты жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жазбасын 10 ақпанда өзінің Telegram-арнасында жариялады.

"Ресей билігі азаматтарын мемлекеттік бақылаудағы, қадағалау мен саяси цензураға арналған қосымшаға көшіру мақсатында Telegram-ға қолжетімділікті шектеп отыр. Осыдан 8 жыл бұрын Иран дәл осындай стратегияны қолдануға тырысты, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Ол Telegram-ды түрлі сылтаулармен бұғаттап, адамдарды мемлекеттік балама қосымшаға көшуге мәжбүрлемек болды. Тыйым салынғанына қарамастан, ирандықтардың басым бөлігі әлі күнге дейін Telegram-ды пайдаланып келеді (цензураны айналып өтіп) және бақылауға ұшырайтын қосымшалардан гөрі оны артық көреді", – деп жазды Дуров.

Сондай-ақ ол адамдардың еркіндігін шектеу ешқашан дұрыс шешім болмайтынын атап өтті. Дуровтың айтуынша, Telegram қандай да бір қысымға қарамастан сөз бостандығы мен құпиялылықты қолдайды.

2026 жылғы 10 ақпанда Ресей Федерациясының Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) Telegram мессенджерінің жұмысын баяулату бойынша шаралар қабылдайтыны белгілі болды.

Бұған дейін, 2025 жылғы 13 тамызда Роскомнадзор Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі дауыстық қоңырауларға ішінара шектеулер енгізілгенін хабарлаған еді.

Ресей
Дуров Павел

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз