Сенат ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы сауданы ырықтандыру туралы келісімді ратификациялады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сенат депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және оған мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтовтың айтуынша, заңның негізгі мақсаты – тараптар арасындағы тауар саудасын ырықтандыру және жеңілдету. Бұл тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту немесе жою арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда Моңғолиямен сауда-экономикалық байланыс оң динамика көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 133,5 млн АҚШ долларын құраған. Оның ішінде қазақстандық өнім экспорты басым – 123 млн доллардан асады.

Келісім 367 басым тауар позициясы бойынша бажсыз режим енгізу арқылы отандық өндірушілер үшін нарықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл формат қосылған құны жоғары, шикізаттық емес экспорттың негізін құрайтын өнімдерге басымдық беруге жол ашады.

Сенатордың сөзінше, бұл ең алдымен машина жасау және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қолайлы жағдай қалыптастырады.

"Аталған салалар бойынша жеткізілім көлемі қазірдің өзінде тұрақты өсім көрсетіп, 120 млн доллардан асты. Тарифтерді ырықтандыру отандық кәсіпорындарға баға жағынан елеулі артықшылық беріп, Моңғолия нарығындағы үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келісім кедендік әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдетеді. Декларация тіркелген сәттен бастап төрт сағат ішінде жүктерді рәсімдеудің нақты тәртібі белгіленеді. Бұл бизнес үшін уақыт шығындарын едәуір қысқартады", – деді депутат.

Оның айтуынша, бұған қоса трансшекаралық электронды сауданы оңтайландыру және электрондық қолтаңбалардың заңды күшін өзара тану нормалары бекітіліп, заманауи цифрлық орта қалыптастырылады.

"Техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық бақылау мәселелерінде тараптар Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қатаң стандарттарына көшеді. Бұл талаптардың ашықтығын қамтамасыз етіп, негізсіз кедергілердің алдын алуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастықтың институционалдық тетігі ретінде Бірлескен комитет құрылады. Ол мониторинг жүргізу, дауларды жедел шешу және Моңғолия нарығында отандық кәсіпкерлердің мүддесін тікелей қорғау құралына айналады, – деп толықтырды Шәкәрім Бұқтұғұтов.

Бұған дейін Алматы әкімдігінің өкілдері апатты ғимараттың бұзылуына қатысты түсініктеме бергенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы