Іле Алатауында үш Үнді жайрасы фототұзаққа түсті

Сурет: видео скрині
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында орнатылған кезекті фототұзаққа ҚР Қызыл кітабына енген Үнді жайрасының (Hystrix indica) 3 дарағының күндізгі уақытта түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парктің хабарлауынша, бұл сирек кеміргіш Ұлттық парктің батыс бөлігінде мекендейді және еліміздің Қызыл кітабының IV санатына енгізілген. Қазақстан фаунасында жайра тұқымдасының жалғыз өкілі болғандықтан, оны қорғау – аса маңызды міндет.Бұл жануар теңіз деңгейінен шамамен 1200-1700 метр биіктікте орналасқан жапырақты ормандарды мекендейді. Қыста қар аз түсетін, шөбі қалың оңтүстік беткейлерде қыстап шығады.

"Тасты аңғарлардағы қуыстарды немесе өзі қазған індерді паналайды және көбіне түнде белсенді болады. Негізгі қорегі — өсімдіктер, тамыр-түйнектер, жеміс пен тұқымдар. Көктемде көбейеді, ал қыста ұйқыға жатпайды, тек белсенділігі азаяды", – делінген хабарламада.

Бүгінде парк аумағында 32 дарақ есепке алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін