Алматыда полиция адамға көмек көрсетілген сәтте жасалған ұрлық қылмысын ашты

Сурет: polisia.kz
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қоғамдық оқиғалар кезінде жасалған ұялы телефон ұрлығының екі дерегін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл оқиғалар бұған дейін әлеуметтік желілерде кеңінен таралған еді.

Бірінші жағдайда қоғамдық орында бойжеткеннің денсаулығы күрт нашарлаған. Оған жанындағы адамдар алғашқы көмек көрсетіп жатқан сәтте белгісіз тұлғалар жағдайды пайдаланып, оның телефонын ұрлап кеткен.

Екінші дерек ойын-сауық орындарының бірінің маңында орын алған көшедегі төбелес кезінде тіркелді. Дүрбелең сәтін пайдаланған күдіктілер жанжалға қатысушылардың бірінің смартфонын иемденген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының кешені нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстады.

"Екі жағдайда да күдіктілер айналадағы адамдардың назары төтенше жағдайға ауған сәтті әдейі пайдаланған. Мұндай қылмыстар аса арсыз әрі қоғамға жат әрекет болып табылады. Күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың басқа да мүліктік қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда