Рудный қаласында екі жастағы қыз бала "Газель" көлігінің астына түсіп, қаза тапты

Сурет: pexels
Рудныйда полиция қызметкерлері екі жастағы қыздың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қайғылы жол-көлік оқиғасы 3 наурыз күні сағат 12:30 шамасында 50 лет Октября көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Наша Газета" басылымының мәліметінше, "Газель" автокөлігінің жүргізушісі артқа қарай қозғалып келе жатып, екі жастағы қызды байқамай, қағып кеткен. Қасында болған бес жастағы ұл бала шетке секіріп үлгеріп, зардап шеккен жоқ. Балалардың анасы есінен танып қалып, ауруханаға жеткізілген.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция жүргізушілерді аулалар мен тұрғын үй массивтерінде, әсіресе артқа қарай маневр жасау кезінде барынша мұқият болуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін