Таяу Шығыстағы қақтығыс: энергетика министрі мұнай экспорты туралы түсінік берді

Сурет: unsplash
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 11 наурызда Мәжіліс кулуарында мұнай экспортына қатысты жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты әлемдік нарықта мұнай тапшылығы туындаса, Қазақстан оны азайтуға қалай көмектесе алатынын сұрады.

"Энергетика министрлігіне бұл мәселе бойынша ешқандай өтініш түскен жоқ. Қазақстан, әрине, сенімді жеткізуші ретінде халықаралық нарыққа мұнай жеткізуді жалғастырып келеді және жалғастыра береді", – деді Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық мұнай еркін экспортталып жатыр және бұл бағытта ешқандай мәселе жоқ.

"Мұндай өтінімдер түскен жоқ, бірақ мүмкіндіктер бар. Техникалық тұрғыдан Қытайға қосымша 5 млн тоннаға дейін мұнай жеткізе аламыз. Ал Әзербайжанға биыл кемінде 1,5 млн, ең көбі 2,2 млн тонна мұнай жеткізу жоспарланып отыр", – деп түйіндеді энергетика министрі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді