Атырауда әскери қызметші атыс жаттығуы кезінде қаза тапты

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға қаруды пайдалану кезінде жіберілген абайсыздық салдарынан болған. Жарақат алған сарбаз дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер оған қажетті көмек көрсеткен. Алайда барлық күш-жігерге қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиғаның себептерін жан-жақты әрі объективті тексеру үшін Атырауға Қорғаныс министрінің орынбасары жетекшілік ететін арнайы комиссия жіберілді. Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның бақылауына алынған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі