Мәселен, Орал қаласы мен аудандарда такси қызметі ұйымдастырылған, учаскелерде арнайы бұрыштар ашылған. Тағдырдың жазуымен мүгедектер арбасына таңылса да, сағы сынбаған, келешекке сенімін жоғалтпаған жанның бірі Гүлмира Батпақұлова.
Сурет: БҚО әкімдігі
Ол "Арба" бірлестігін құрып, мүгедек жандарға қолдау көрсетіп жүр. Бүгінгі референдумға да елдің ертеңіне қатысты ұстанымымды білдіру үшін келдім, – дейді ол.
"Бүгін 34 учаскеде өз дауысымды беруге келіп отырмын. Мына учаскеде өте ыңғайлы жағдай істеп берген бүкіл мүгедектігі бар адамдарға, көзі нашар көретіндерге тактильді плитка бар, бағыттаушы бар. 00-27 Біздерге қоларбаға, сосын тірек қимыл аппараты бұзылған адамдарға да жағдай бар".
Сурет: БҚО әкімдігі
Облыста дауыс беру кезінде ерекше жағдайды қажет ететін 2254 жан бар. Оларға арнап бүгін такси қызметі тегін ұйымдастырылыпты. БҚО бойынша мүгедек жандарды тасымалдауға 78 автокөлік тартылған.