Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.

Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын айтты.

Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті