"Қазірден-ақ мінезді": Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарының үш шөнжігі дүниеге келді

Сурет: бейнежазба скриншоты
Алматы хайуанаттар бағында көптен күткен оқиға орын алды. Амур жолбарыстары Бентли мен Яргидің үш күшігі дүниеге келді. Жағымды жаңалықты зообақ қызметкерлері 2026 жылғы 27 наурызда ресми түрде хабарлап, әлеуметтік желілерде әсерлі видеолар жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, шөнжіктер 11 қаңтарда туған. Бірақ алғашқы айларын анасымен бірге жайлы үйшікте өткізіп, көпшілікке көрсетілмеген. Осы уақыт бойы зоопарк қызметкерлері жыртқыштардың тыныштығын сақтап, олардың табиғи жағдайда жетіліп, күшеюіне мүмкіндік берген.

"Қазір кішкентай жолбарыстар 2,5 айлық, олардың денсаулығы өте жақсы. Әлі де ана сүтін еміп жүрсе де, еттің дәмін де татып көре бастады. Ең бастысы – олар қоршаған ортаны зерттеу үшін үлкен вольерге шықты!",- делінген зообақ ақпаратында.

Бұған дейін Ресейдің Қазақстанға төрт амур жолбарысын қашан беретіндігін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды