"Таза Қазақстан": Қонаевта 3 000 түп ағаш отырғызу жұмысы басталды

Сурет: Алматы облысының әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Алматы облысында жалпыұлттық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына 30 мыңға жуық адам қатысып, 12 тонна қоқыс шығарылды. 45 гектар аумақ тазартылып, 5640 түп ағаш отырғызылды.

Осы күні Алматы облысының орталығында ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция бастау алды. Мыңнан астам адам қатысқан игі шара Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаевтың ақ батасымен басталды.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Одан кейін сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы мұның тек ағаш отырғызу күні ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елге деген жанашырлықтың және келер ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыздың жарқын көрінісі екенін айтты.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Сенбілікке департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері, облыстық мәслихат депутаттары, ҚХА өкілдері, еңбек ардагерлері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар, еріктілер бір кісідей атсалысып, Сейфулин көшесінің бойына қарағай мен көктерек көшеттерін отырғызды.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жане абаттандыру баскармасының мәліметіне сүйенсек, алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасын тауып, Қонаев қаласында 20 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Соның ішінде Сейфуллин көшесі бойына 3 мың түп тал отырғызу басталды.

Сурет: Алматы облысының әкімдігі

Аталған бастамаға қолдау көрсету мақсатында барлық аудан мен Алатау қаласының аумағында жасыл желектерді отырғызу және санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Әлемге әйгілі әнші Рики Мартин Алматыға келді