Абай облысында кәсіп бастамақ болған тұрғын 2 млн теңгесінен қағылды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Абай облысында кәсіп бастамақ болған тұрғын 2 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға Бородулиха ауданының 25 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы хабарлады.

Оның айтуынша, аса таныс емес ер адам үй техникасын бірге сатып алып, кейін қайта сатып пайда табуға ұсыныс жасаған. Келісімнің тиімділігіне сендірген соң, күдікті азаматтың ақшасын және мүлігін — төрт iPhone 13 телефоны мен ноутбукты иемденіп кеткен.

Жалпы материалдық шығын 2 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы Бородулиха ауданының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің үстінен процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі