Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Сурет: polisia.kz
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған затты алып өтпек болған әрекеттің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәлемдемелерді тексеру барысында режим бөлімі қызметкерлері тәтті күлше салынған қораптың қос түбі бар екенін анықтады. Оның ішіне телефон жасырылған.

Әңгімелесу барысында 42 жастағы Семей қаласының тұрғыны қысқа мерзімді кездесу үшін келгенін және танысының өтініші бойынша телефонды жасырып алып өтпек болғанын түсіндірді.

Қазіргі уақытта аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылды.

"Мекеме қызметкерлері тұрақты түрде барлық сәлемдеме мен келушілерді техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып мұқият тексереді. Мұндай тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері дер кезінде анықталып, жолы кесіледі. Азаматтарға ескертеміз: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады", – деп атап өтті режим бөлімінің бастығы Ертас Ерғалиев.
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты