Бас прокуратура Санжар Бокаевтың қандай күдікке ілінгені туралы мәлімдеді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Сенат кулуарында Санжар Бокаевтың аса ірі көлемде ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Бокаев алаяқтық жолмен аса ірі көлемде қаражат жымқыру, сондай-ақ ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыруға байланысты қылмыстар жасады деп күдікке ілінген. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, басқа ақпарат әзірге жария етілмейді.

Журналистер болжамды жымқыру қай кезеңге қатысты екенін және қай эпизод аясында тергеліп жатқанын нақтылады.

"Бұл оның ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңіне қатысты. Тергеу аяқталған соң толық ақпарат береміз. Тергеу қорытындысы бойынша барлық іс материалдары сіздердің назарларыңызға ұсынылады. Соңғы шешім қабылданғанда куәлар мен оқиға куәгерлерінің жауаптары, сараптамалық зерттеу қорытындылары, сондай-ақ жедел және процессуалдық тексеру материалдары ескеріледі", – деді Ерлан Өтегенов.

Ашық сот отырысын өткізу мүмкіндігі туралы сұраққа ол, іс сотқа түскеннен кейін шешім тараптардың пікірін ескере отырып қабылданатынын айтты.

Сонымен қатар, Бас прокуратура тарапынан істі ашық қарауға ешқандай кедергі жоқ екенін атап өтті.

Еске салсақ, 2026 жылғы 18 наурызда Санжар Бокаевтың Алматыда ұсталғаны белгілі болды. Ал 2026 жылғы 31 наурызда оның екі айға қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады