Найзағай, екпіні күшті жел және көктайғақ: 3 сәуірде ауа райы қандай болады

Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 3 сәуір, жұма күніне арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Елдің қалған бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.

"Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталық аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысында өрт қаупі жоғары болады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың сәуір айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды

-7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды