Бас прокуратура Қазақстандағы түрме жүйесінің қалай өзгеріп жатқанын айтты

Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
2026 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Б. Асыловтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесінде (ҚАЖ) заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша алқа отырысы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырысқа Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, денсаулық сақтау, ұлттық экономика, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары қатысты.

"2025 жылғы 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды, оның ішінде ҚАЖ-ды реформалау, инфрақұрылымды жаңарту, сотталғандарды қайта тәрбиелеу мен олардың қоғамға бейімделу мәселелері талқыланды. ҚАЖ-да заңдылықты қамтамасыз ету, пенитенциарлық мекемелерді жаңғырту, медициналық қамтамасыз ету, сотталғандарды еңбекпен қамту және оларды қайта әлеуметтендіру мәселелеріне ерекше назар аударылды",- делінген ақпаратта.

Жиын барысында атап өтілді:

Отырыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

"Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жеке инвесторларды тарту арқылы ҚАЖ-дың жаңа мекемелерін салу жоспарлануда. Бұл ретте жобалар құнының 30%-дан аспайтын бөлігі мемлекет есебінен қаржыландырылып, қалған бөлігі жеке капитал есебінен жабылып, кейін олардың шығындары өтелетін болады". ҚР Бас прокуратурасы

Құрылыс құнын төмендету мақсатында заманауи құрылыс материалдары мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа технологияларын ескеріп, қолданыстағы нормативтерді қайта қарау жоспарлануда. Бұл бюджет жүктемесін азайтып, сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бас Прокурор заң бұзған тұлғалар қоғамнан шеттетілмеуі тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттің міндеті – оларды заңға бағынатын әрі қоғамға пайдалы азаматтар ретінде қайта қалыптастыру.

Бүгінде 30 мың сотталғанның әрбір үшіншісі бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген. Өз кезегінде бір сотталғанды ұстауға мемлекеттен жылына 3 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді.

Халықаралық тәжірибені ескерсек, оларды еңбекпен қамту және табысты әлеуметтік бейімдеу неғұрлым тиімді болып табылады.

"Осыған байланысты Бас прокуратура заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды, оған сәйкес қайта әлеуметтендіру функциялары әкімдіктерге беріліп, ал бұл жұмысты үйлестіру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі. Аталған бастаманы министрлік қолдады. Ұсынылған тәсілдерді іске асыру әлеуметтік бейімдеудің бірыңғай тетігін қалыптастырып, қоғамдық қауіпсіздік деңгейіне оң әсер етеді",- делінген ақпаратта.

Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыты әрдайым азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық қорғау органдарының күш-жігерін қылмыстылықтың жүйелі тәуекелдерін төмендету мақсатында үйлестіруге және құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі