Астанада жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Қарағанды облысының батысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 08 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматыда жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қауіпі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 08 сәуірде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жуын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.