Қазақстанда 6 жаңа мұнай кен орны балансқа қойылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы 7 сәуірде Мәжіліс кулуарында жаңа мұнай кен орындарының қай жерде орналасқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Ақбаровтың айтуынша, Қазақстанда 15 шөгінді бассейн бар, оның бесеуі игеріліп жатыр және сол жерлерде мұнай өндіріледі.

"Өткен жылы бізде жалпы қоры 127 млн тоннадан асатын алты кен орны балансқа қойылды. Олар негізінен Маңғыстау және Атырау облыстарында орналасқан. Бұл кен орындарын негізінен өзіміздің жергілікті, шағын компаниялар игереді", – деді вице-министр.

2026 жылғы 31 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов 2025 жылы Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы аясында қосымша 434 мың тонна мұнай өндірілгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, 2040 жылға дейін қосымша шамамен 54 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз