Өрт қаупі, нөсер жаңбыр және қар: 11 cәуірде ауа райы қандай болады

Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 сәуір, сенбі күніне арналған ел аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігі, батысы және оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, батыста кей уақытта нөсер жаңбыр жауады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Синоптиктердің нақтылауынша, республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз