Алматыда +24°С-қа дейін жылынады, бірақ апта соңында қайтадан жаңбыр жауады

Фото: pixabay
Алматыда алдағы апта жылы әрі құрғақ ауа райымен басталады, күндіз ауа температурасы +24°С-қа дейін көтеріледі. Алайда кейінірек ауа райы күрт өзгеріп, қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнап және екпінді жел соғады. Синоптиктер Zakon.kz-ке алдын ала болжам ұсынды.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Светлана Аманқұлованың айтуынша, жалпы алғанда апта салыстырмалы түрде салқындау болады.

"11-15 сәуір аралығында жауын-шашын түспейді, екпіні әлсіз жел соғады – 3-8 м/с дейін. Ауа температурасы түнде шамамен 8-10 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады. Бейсенбі мен жұмада ауа райы күрт өзгереді: 16 сәуірде жаңбыр, кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап және екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 14-16 градус жылы. 17 сәуірде жаңбыр жауады, бірақ найзағай ойнамайды, дегенмен желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 13-15 градус жылы болады", – деді синоптик.

Осылайша, аптаның алғашқы жартысында Алматы тұрғындарын жауын-шашынсыз жайлы көктемгі ауа райы қуантады, алайда демалыс күндеріне қарай ауа райының нашарлауына дайын болған жөн. Гидрометорталық мамандары сапарларды жоспарлау кезінде ауа райын ескеріп, сәуір айының құбылмалы сипатын ұмытпауға кеңес береді.

11 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +20…+22°С.

12-13 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +20…+22°С.

14 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С.

15 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +22…+24°С.

16 сәуір: бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Жел батыстан 3-8 м/с, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +14…+16°С.

17 сәуір: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Жел батыстан 3-8 м/с, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +13…+15°С.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі