Астанада жол ережесін өрескел әрі жүйелі бұзып келген жүргізуші қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін ұзақ уақыт бойы әдейі және өрескел түрде бұзып келген жүргізушінің заңға қайшы әрекеттерін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күйші Дина көшесінде жүргізілген рейд барысында BMW автокөлігін басқарған 27 жастағы азамат тоқтатылды. Тексеру нәтижесінде оның жыл басынан бері 61 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Оның 59 дерегі – белгіленген жылдамдықты арттыру фактілері.

Жүргізушінің әрекеттері қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндірген. Атап айтқанда ол әл-Фараби көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінен 133 км/сағ жылдамдықпен қызыл бағдаршамға өтіп кеткен. Бұдан бөлек, рұқсат етілген 90 км/сағ орнына 216 км/сағ жылдамдықпен жүргені де тіркелген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция заң талаптарын жүйелі түрде елемейтін тұлғаларға қатысты қатаң әрі қағидатты шаралар қолданылатынын атап өтеді. Айыппұлды төлеу фактісі жауапкершіліктен босатпайды және заң алдында барша азамат тең.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі