Алматыда жаңбыр қашан тоқтайды: синоптик болжамы

Фото: pixabay
Алматыда жаңбыр демалыс күндері де жауады. Артынша, күн +26°C-қа дейін жылынады. Дегенмен, бұл жаймашуақ күндер ұзаққа созылмайды, келесі аптаның соңына қарай қайтадан жауын-шашын, найзағай мен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы аптада ауа райы көктемге тән құбылмалы сипатта болады: бір күндері жаңбыр жауса, ертесі күн ашылады. "Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы филиалының жетекші инженер-синоптигі Даулет Кесебаев алдағы күндердегі синоптикалық жағдай мен ауа райының өзгермелі сипаты туралы айтып берді.

"Сенбі мен жексенбіде Алматыда жаңбыр жалғасады. Жексенбіде найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +13…+15°С шамасында болады. Одан кейін оңтүстік астанада қолайлы ауа райы орнап, үш күн бойы сақталады. Жауын-шашын күтілмейді", – деді Даулет Кесебаев.

Ол сондай-ақ келесі жұмыс аптасының басынан бастап ауа температурасы түнде +13…+15°С-қа дейін, күндіз +24…+26°С-қа дейін жылынатынын айтты.

Синоптик сонымен қатар келесі аптаның соңында фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты қалада қайтадан жаңбыр күтілетінін, 23 сәуір мен 24 сәуір бойы кей жерлерде нөсер жауын болатынын жеткізді.

"Сондай-ақ найзағай және желдің күшеюі мүмкін, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Жұмаға қарай ауа температурасы сәл төмендейді: түнде +11…+13°С, күндіз +19…+21°С", – деп қорытындылады синоптик.

Алматы қаласы бойынша 18–24 сәуір 2026 жылға арналған ауа райы болжамы:

18 сәуір: ауыспалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел батыс, солтүстік-батыс 3–8 м/с, екпіні 13 м/с. Температура түнде +3…+5°С, күндіз +13…+15°С.

19 сәуір: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыс 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +5…+7°С, күндіз +13…+15°С.

20 сәуір: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыс 3–8 м/с. Температура түнде +7…+9°С, күндіз +18…+20°С.

21 сәуір: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік бағытта 3–8 м/с. Температура түнде +10…+12°С, күндіз +23…+25°С.

22 сәуір: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +24…+26°С.

23 сәуір: ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, кешке кей жерлерде нөсер жауын. Жел оңтүстік-батыс, батыс 3–8 м/с, кейде екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +23…+25°С.

24 сәуір: бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел батыс 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +11…+13°С, күндіз +19…+21°С.

Бұған дейін Қазақстан бойынша 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы маңында есірткі зертханасы жойылды: күдікті өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: 2 маусымда қай өңірлерде ескерту жасалды

Алматыда мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету ережесі өзгерді

"Қар, бұршақ, тұман". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда 2025 жылы рақымшылық бойынша қанша адам бостандыққа шықты