Алматыда ҰОС ардагері 101 жасқа толды

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Горковская туған күнін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Любовь Николаевна 1925 жылы 20 сәуірде Украинада дүниеге келген. Соғыс жылдары ол майданда әскери байланысшы болып қызмет етіп, алдыңғы шепте ерлік пен жанқиярлық танытқан. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1-ші Украин майданы құрамында Харьков түбіндегі шайқастарға, Қырымды азат етуге және Севастополь үшін болған шешуші ұрыстарға қатысқан. Жеңіс күнін Балтық маңында қарсы алған. Ерлігі мен батылдығы үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Соғыстан кейін Любовь Горковская Қазақстанға қоныс аударып, бейбіт еңбекке араласқан. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақфильм киностудиясында жұмыс істеп, отандық мәдениет пен экономикаға өз үлесін қосқан. Қазіргі таңда ардагер немересінің қолында тұрады.

Ардагерді Бостандық аудандық қорғаныс істері басқармасының әскери қызметшілері және Алматы қаласы бойынша ҚР Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Ербол Игісинов құттықтады. Олар оның Жеңіске қосқан үлесі мен көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің атынан Любовь Николаевнаға құттықтау хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Әскери қызметшілер ардагердің өмір жолы жас ұрпақ үшін ерлік, табандылық және Отанға адалдықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Қазақстан
Ұлы Жеңіс
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады