Шахтинскіде тұрғындарды құтқарған бес полицей "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Шахтинск қаласында газ баллоны жарылған сәтте тұрғындарды құтқару барысында ерлік танытып, өздері жарақат алған бес полиция қызметкері ҚР президентінің Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 7 мамырда ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады:

"Бүгін қалалық ауруханада ем қабылдап жатқан тәртіп сақшыларын арнайы құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасымен ІІМ жеке құраммен жұмыс істеу департаментінің бастығы Олжас Мырзабеков Қарағанды облысына арнайы барды. Министрлік өкілі Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловпен бірге Шахтинск қалалық ауруханасына барып, қызметтік борышын өтеу кезінде жарақат алған полицейлермен кездесті".

Кездесу барысында Олжас Мырзабеков Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігінің атынан алғыс білдіріп, көрсетілген ерліктің жоғары бағаланғанын атап өтті.

"Сіздердің оқиға кезіндегі жанқиярлық әрекеттеріңіз, адам өмірін сақтап қалудағы батыл қадамдарыңыз және қызметке деген адалдықтарыңыз Мемлекет басшысы тарапынан жоғары бағаланды. Бұл – үлкен ерлік пен кәсібиліктің көрінісі. Осындай қайсарлықтарыңыз кейінгі жас буынға үлгі болады. Емдеріңізді толық аяқтап, қайтадан сапқа қосылып, ел тыныштығы жолында абыройлы қызметтеріңізді жалғастырады деп сенеміз", – деді Олжас Мырзабеков.

Іс-шара барысында президент Жарлығынан үзінді оқылып, ерлік көрсеткен қызметкерлер – Руслан Тазиев, Асхат Бердібеков, Нұргелді Құлжабеков, Ерназ Өскенбай және Дулат Ситахметовке "Ерлігі үшін" медалі табысталды.

Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін Мемлекет басшысына және Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, 23 наурызда Шахтинск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, артынша өрт шыққан еді. Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлері тұрғындарды жедел эвакуациялап, адам өмірін құтқару кезінде түрлі жарақат алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі