Астанада есірткі жасырушы ұсталды

Сурет: polisia.kz
Астанада полицейлер есірткі заттарын таратуға қатысты заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар барысында синтетикалық есірткіні "жасырып кету" тәсілі арқылы таратумен айналысты деген күдікпен Астана қаласының жас тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, күдікті үш жасырын орын дайындап үлгерген. Ол көрсеткен мекенжайлар бойынша полиция қызметкерлері өзіне тән иісі бар, жалпы салмағы 300 грамм болатын "альфа-PVP" ұнтағы салынған орамаларды тәркіледі.

Жеке тінту барысында ер адамның жанынан дәл осындай тағы үш орама табылып, алынды.

Тұрғылықты мекенжайында жүргізілген тінту кезінде пәтердің есірткі заттарын сақтау және бөлшектеп орау үшін пайдаланылғаны анықталды. Қонақ бөлмедегі үстел үстінен таратуға дайын орамалар мен оларды буып-түюге арналған құралдар табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған азамат интернет-ресурстар арқылы есірткі таратумен айналысып, "қойма" қызметін де атқарған. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі тарату арнасының қызметі тоқтатылып, жаңа адамдардың, әсіресе жастардың, заңсыз айналымға тартылуына жол берілмеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды