Таразда Аналар кеңесінің халықаралық форумы өтті

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Тараз қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Аналар кеңесі: саналы қоғам қалыптастырудағы ананың рөлі" атты халықаралық форум өтті. Жиынға еліміздің әр өңірінен келген Аналар кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Форумның екінші күні тәжірибе алмасу семинары және пленарлық отырыс форматында ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары, ұлттық тәрбие және қоғамдық келісім мәселелері талқыланды.

Талбесік этноорталығында өткен республикалық семинарда өңірлік Аналар кеңестерінің жұмыстары таныстырылды. Семинарды Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай жүргізді.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Пленарлық отырыс Көне Тараз кешенінде жалғасып, онда Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Ыдырысқызы "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы аясындағы жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 1755 Аналар кеңесі жұмыс істейді.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жиында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, Түркиядан келген профессор Нагехан Еке Учан, Қырғыз Республикасының өкілі Юлия Денисенко және қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп, отбасы институты мен ұлттық бірлік мәселелерін көтерді.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Форум барысында Жамбыл облыстық Аналар кеңесінің "Барыңды бағала" жобасы таныстырылып, өңірлер арасындағы тәжірибе алмасудың маңызы айтылды.

Жиын соңында қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген аналар марапатталды.

Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Таразда өткен халықаралық форум отбасы құндылықтарын насихаттап, тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан