2 600 метр биіктікте: Алматы тауларында қарт туристке шұғыл медициналық көмек көрсетілді

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Алматы тауларында 2600 метр биіктікте туристке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Бостандық ауданы, Терра алаңы маңында, "Девичьи слёзы" сарқырамасынан жоғары бөлігінде 1963 жылы туған ер адамнан оның жағдайы нашарлап, таулы жерден түсу үшін құтқарушылар көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, "ҮАШ" БҚП", Апаттар медицинасы орталығының мамандары мен жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері жедел жетті.

Құтқарушылар ер адамды тауып, қажетті көмек көрсетті және оның қауіпсіз түрде төмен түсуін ұйымдастырды. Эвакуациядан кейін зардап шеккен азамат жедел жәрдем бригадасына медициналық тексеру үшін тапсырылды.

ТЖМ тауға шығар алдында денсаулық жағдайын, ауа райын ескеріп, жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлау қажет екенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Алматы мен Шымкентте аптап ыстыққа байланысты көшелерге су себіліп жатыр

Тоқаев: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды