Министрдің айтуынша, кейбір бағыттар қазірдің өзінде ашылған.
"Бұл – Ереван, Шанхай бағыттары. Бұдан бөлек, біз жақын уақытта тағы төрт рейсті ашамыз – Ларнакаға, Ланьчжоуға және басқа да бағыттарға. Air Astana басшылығы айтқандай, жаңа рейстер бірден табысты болмайды, олар уақыт өте келе ғана тұрақты сұранысқа ие болады. Бірақ Шанхай рейсі алғашқы күннен бастап толық жүктемемен ұшып жатыр. Сондықтан біз Қытай бағытын перспективалы деп санаймыз және оны әрі қарай кеңейтеміз. Сондай-ақ Еуропа бағыттары да дамытылады", – деді Сауранбаев.
Сонымен қатар ол премьер-министрдің Токио, АҚШ және Еуропа астаналарына тікелей рейстер ашу жөніндегі тапсырмасын еске салды.
"Токиоға рейс 2026 жылдың IV тоқсанында іске қосылады. Бұл ұзақ қашықтықтағы ұшуға қабілетті "Dreamliner" типті ұшақтардың келуімен байланысты. Алғашқы осындай ұшақтар жыл соңына қарай жеткізіледі. Сол кезде Жапония мен АҚШ бағыттарына тікелей рейстер ашу жоспарланып отыр",- деп атап өтті министр.
Бұған дейін Қазақстанда 11 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылатындығын жазғанбыз.