Абай облысында таңертең жоғалып кеткен бала даладан табылды

Сурет: polisia.kz
Абай облысында полицейлер далада жоғалып кеткен 7 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 10:09 шамасында "102" арнасына баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анасының айтуынша, ұлы таңғы сағат 9:30 шамасында үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Өз бетінше жүргізілген іздеу нәтижесіз болған.

Хабарлама түскен бойда іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары көшелерді, аулаларды, бос жатқан аумақтарды және баланың жүруі мүмкін бағыттарды жіті тексерді.

Шамамен сағат 11:40-та ювеналды полиция қызметкерлері — Нұрғиса Бектасов пен полиция Темірлан Төлеуғазин — баланы ипподром маңынан, үйінен екі шақырымдай жерде тауып алды.

Бала ашық далада жалғыз жүрген. Үстінде футболкасы болмаған.

"Далада ол мүлде жалғыз еді. Баланы шақырып, ақырын жақындап, көтеріп алдым. Сол сәтте ол жай ғана мойнымнан құшақтап алды. Қызметтік көлікте әріптесім оған мультфильм қосып берді. Содан кейін біз анасынa қарай жол тарттық", — деді Нұрғиса Бектасов.

Ұлын аман-есен көрген анасы толқуын жасыра алмады.

"Ұлымның табылғанын естіген сәтте жүрегім орнына түскендей болды. Бұл мен үшін өмірімдегі ең ауыр сағаттар болды. Полиция қызметкерлеріне адамгершілігі, сабырлығы мен көмегі үшін шексіз алғыс айтамын. Олар маған баламды аман қайтарды", — деді ол.

Абырой болғанда, баланың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді