Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны – бала: балаларды қорғау күніне арналған соңғы деректер

Фото: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 1 маусымда Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда тұратын балалардың саны бойынша жаңартылған деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Деректерді ведомство Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұсынды.

"2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 0–17 жас аралығындағы 6,9 миллион бала тұрады, бұл республика халқының жалпы санының 33,6% құрайды. Балалардың 62,3% қалалық жерде, ал 37,7% ауылдық жерде тұрады. Ұл балалардың үлесі – 51,4%, қыз балалардың үлесі – 48,6%".

Белгілі болғандай, балалардың ең көп саны республиканың үш өңірінде тіркелген:

"Соңғы 5 жылда балалар саны 4,4% артты",- деп атап өтті ведомство.

Сондай-ақ, бюро балаларды мерекемен құттықтап, бақытты балалық шақ, зор денсаулық және жарқын болашақ тіледі.

Бұған дейін Алматыда 1 маусымда балаңызды қайда апаруға болатындығын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді