Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қаза тапқан жүргізушінің әпкесі сотта мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 1 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол-көлік оқиғасы бойынша жәбірленуші тараптан жауап алу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот отырысы жәбірленуші Ляззат Тілемесованың жауап беруімен басталды. Прокурор одан жол апаты туралы қалай білгенін және қаза тапқан Еламан Тілемесов туралы айтып беруді сұрады.

"Таңертең сағат 07:30-да маған тергеуші қоңырау шалып, жол апаты болғанын және соның салдарынан менің інім Еламан Тілемесовтің қаза тапқанын хабарлады. Інімнің денесін барып ағам таныды. Еламанды соңғы рет наурыздың жиырмасы таңертең көрдім, ол мені жұмысқа дейін жеткізіп салған еді. Ол компьютер клубында әкімші болып жұмыс істейтін, маған көмектесіп жүретін", – деді Ляззат Тілемесова.

Мемлекеттік айыптаушы Әлібек Күмісбеков апат салдарынан Еламан Тілемесовтің көлігі зақымданғанын айтып, келтірілген шығын өтелді ме деп сұрады.

"Көлік зақымданған, бірақ шығын өтелді ме, ол жағын нақты білмеймін. Сотталушы Александр Пакпен біз татуластық, Еламаның анасы оны кешірді", – деді Ляззат Тілемесова.

Оның айтуынша, отбасына келтірілген моральдық және материалдық шығын толық өтелген, қазіргі таңда олардың сотталушы Александр Пакқа ешқандай талабы жоқ.

Бұған дейін Александр Пак қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұраған болатын.

Еске салайық, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда жантүршігерлік жол апатынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Zeekr жүргізушісі мас күйінде Әл-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан