Мемлекет басшысы Қонаев қаласының келбетін сынға алды

Фото: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 2 маусымда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде облыстың және Қонаев қаласының қазіргі жай-күйіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, негізі, облыстың даму қарқыны жаман емес. Тиісті жұмыс істелуде.

"Былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5 орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды",- деді президент.  Мемлекет басшысы

Бұл ретте, мемлекет басшысы Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты. 

"Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. "Баяғы жартас – сол жартас", қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлегенін жазғанбыз

Қазақстан
Қонаев
Алматы облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

1 қыркүйек - Білім күні

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің анасы Ригада түскен суретімен желіні таң-тамаша етті