Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Фото: pixabay
2026 жылғы 3 маусымда Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев лудомания жағдайының нашарлауына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, азаматтық секторда ұлт денсаулығын қорғауға қатысты күрделі мәселелер әлі де сақталып отыр.

"Сарапшылардың зерттеулері көрсеткендей, бүгінде елімізде құмар ойындарға тәуелді адамдар саны 700 мың адамға жетті. Бұл жай ғана статистикалық көрсеткіш емес. Бұл – ұлттық деңгейдегі проблема деп бағалауға болатын күрделі жағдай. Осы 700 мың тәуелді адамның артында күйреген отбасылар, жоғалған уақыт, орасан қаржылық шығындар мен жиналған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер тұр. Біз құмар ойын бизнесін заңдастырып, одан табыс табамыз деп ойлап отырғанда, көптеген адамның тағдыры бұзылды, мыңдаған бала әке-шешесінің тиісті қамқорлығынсыз қалды. Сондықтан бұл мәселені терең зерттеп, азаматтарды ойын тәуелділігінен құтқару уақыты келді деп ойлаймын", – деді депутат.

Ол елімізде құмар ойынға тәуелді азаматтарға көрсетілетін медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмектің көлемі мен қазіргі шектеу шаралары арасында үлкен теңгерімсіздік бар екенін айтты.

Атап айтқанда, 2024–2026 жылдарға арналған лудоманияға және заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарда мемлекеттік оңалту және көмек бағдарламаларымен небәрі 300 адамды қамту көзделген.

"Мұндай көрсеткіш бұл мәселені шешуге де, оның одан әрі ушығуының алдын алуға да жеткіліксіз екені анық. Сондықтан егер біз шұғыл түрде азаматтарды оңалту және ойын тәуелділігінің алдын алу шараларын қабылдамасақ, ұл-қыздарымызды бұл түпсіз тұңғиықтан алып шығу өте қиын болады. Бұл – біріншіден. Екінші мәселе – криптовалюталарды пайдаланатын шетелдік заңсыз онлайн-платформалар үлкен қауіп төндіріп отыр. Қазақстанда "дроп-карталар" мен жалған төлем шоттары арқылы жүзеге асырылатын қаржылық схемалар тез таралып келеді. Сарапшылардың бағалауынша, мұндай заңсыз ойын бизнесінің қаржылық айналымы 500 млрд теңгеден асып кеткен. Бұдан бөлек, бұл мемлекетіміздің қаржылық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп, көлеңкелі экономиканың дамуына ықпал етеді", – деді Нұрлан Әуесбаев.

Жағдайды түзету үшін депутат бірнеше ұсыныс айтты.

Сонымен қатар, егер науқастың жағдайы айналасындағыларға тікелей қауіп төндірмесе, оны автоматты түрде шектеу тізімдеріне енгізу тәжірибесін қолданбау ұсынылды.

Сондай-ақ заңсыз ойын алаңдарына ақша шығаруға пайдаланылатын төлем жүйелері мен "дроп-карталарды" анықтау және тоқтату шараларын күшейту, ойын тәуелділігінен емделіп шыққан азаматтарды қолдау тетіктерін әзірлеу, оның ішінде банк несиелері бойынша төлемдерді уақытша кейінге шегеру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шоттар бұғатталып, полиция араласады": ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде қоқыс маңынан табылған сәбиге Батыр есімі берілді

Алматы әуежайында ұсталған бойжеткен 16 жылға сотталды

Қазақстанда жемқорлар, педофилдер мен лаңкестер рақымшылыққа ілікпейді