Астанада жаз соңына дейін қаланың көрікті нысандарының бірі жабылады

Фото: pixabay
2026 жылғы 5 маусым мен 15 тамыз аралығында елордадағы "Астана жұлдызы" монументі келушілер үшін жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

"Жұмыстар тарихи-мәдени мұраны сақтау және нысанның тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған", – деп түсіндірді әкімдік өкілдері.

Сурет: gov.kz

"Астана жұлдызы" монументі – биіктігі 40 метр болатын алтын түстес стела. Оның тұғырында үш қола тұлпар бейнеленген. Ескерткіш қола, металл, алтын жалатылған элементтерден және мәрмәр материалдарынан жасалған.

Монументтің салтанатты ашылуы 2007 жылғы 6 тамызда өткен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады