Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында мегаполис аумағында есірткі заттарын таратумен айналысқан Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган мәліметіне сүйенсек, күдікті автокөлікпен жүрген. Ұстау кезінде полицейлер көліктің жүксалғышынан 1 келіден астам синтетикалық психотроптық заттарды тауып, тәркіледі.

"Анықталғандай, ер адам заңсыз әрекетпен өткен жылдан бері айналысқан. Ол есірткі заттарын Алматы облысынан Шымкентке жеткізіп, жасырын орындарға қалдыру арқылы таратқан. Ал жасырын орындардың орналасқан жерін мессенджер арқылы жолдап отырған",- делінген ақпаратта.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасуда.

Бұған дейін төтеншеліктер Есіл өзенінің құрсауына түскен құлынды құтқарғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды