Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Сурет: БҚО әкімдігі
Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын тағылымы мол мерекемен құттықтады.

Сурет: БҚО әкімдігі

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы әрі абыройы. Тұғырлы Туымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Әнұранымыз — мемлекетіміздің мызғымас үштағаны. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын нышандарды ардақтау – әрбір қазақстандықтың қастерлі міндеті. Құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беріп, келешекте де ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылайық", – деді облыс әкімі.

Сурет: БҚО әкімдігі

Мерекелік шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Патриоттық әндер әуелеп, Мемлекеттік ту көтерілді. Аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табыстады.

Сурет: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері өңірдің барлық ауданында ұйымдастырылды.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз