Павлодар облысында ауыл маңындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында ауыл маңындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-21214 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі кюветке аударылған. Апат салдарынан кәмелетке толмаған жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Павлодар облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті. Тәртіп сақшылары белгіленген жылдамдық режимін асырмауға, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде барынша мұқият болуға және көлік құралдарының техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстауға үндеді.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты