Каспий теңізінің жағдайы: Министр есеп берді

Фото: primeminister.kz
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде жағымды жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының мәліметінше, соңғы 2,5 жылда Каспий теңізіне 35 млрд текше метрден астам су жіберілген.

Оның ішінде шамамен жартысы – 17 млрд текше метрден астам су 2024 жылы тіркелген ауқымды су тасқыны кезеңіне тиесілі.

Ал 2026 жылдың басынан бері Каспий теңізіне 6,16 млрд текше метр су бағытталды.

Сондай-ақ, министр 2025 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері арқылы 9,3 мың гектар жер суарылып, нәтижесінде 12,8 млн текше метр су үнемделді. Ал биыл су үнемдеу технологиялары қосымша 800 гектар аумақта енгізілді.

"Біздің міндетіміз – су ресурстарын ұтымды әрі үнемді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ су шығынына жол бермей, оны нақты қажет жерлерге, яғни егістік алқаптарға, кәсіпорындарға және азаматтардың үйлеріне уақытылы жеткізу", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін жасанды жаңбыр қаншалықты қауіпсіз екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Нұржігітов Нұржан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады