Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды

Сурет: gov.kz
Жамбыл облысына жаңа прокурор бекітілді. Қызметке 2022 жылғы тамыздан бері Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған Жандос Әбдібаев келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 5 маусымда ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды".

Жандос Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыздан Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды