Оралда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан күдікті қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны басқарған Hyundai автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде ішінен есірткі заты салынған 75 zip-пакет орналасқан үш ірі орама анықталды.

"Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында дәл осындай зат салынған тағы бір пакет пен 28 zip-пакет, сондай-ақ электронды таразы, кофе тартқыш, қаптама материалдары және изолента тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон болып шықты. Есірткінің жалпы салмағы 570 грамды құрады",- делінген ақпаратта.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталған азамат Telegram мессенджері арқылы жұмыс істеген есірткі интернет-дүкенінде "қоймашы" қызметін атқарған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманың өзге де қатысушыларын және есірткіні жеткізу арналарының жолдарын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жалғастыруда.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси жүйесі: Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындары

Қазақстанда орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелері өзгерді

Дрондар мен авиация тартылып Қазақстан бойынша ауқымды операция басталды

Мемлекет басшысы әкімшілік әділет рөлін атап өтті