Алматы хайуанаттар бағында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық – бірден бірнеше сирек жануардың төлі дүниеге келді. Жануарлардың белсенді көбею кезеңі аясында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлар ұрпақ өрбітті.

Ерекше назар аударарлығы, сақиналы құйрықты лемурлардың екі жұбы да егізден төлдеген. Алғашқы егіздер 6 наурызда, екінші жұптың төлдері 17 наурызда туған. Қазір олардың барлығы мамандардың жіті бақылауында болып, ата-аналарымен бірге қалыпты өсіп-жетілуде.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, 6 наурыз аққол гиббонның төлі дүниеге келді. Бұл төл хайуанаттар бағында бірнеше буын бойы жалғасып келе жатқан әулеттік желінің жалғасы саналады. Оның әкесі Джим де, әжесі Джулия да осы хайуанаттар бағында туған. Ал оның арғы атасы Табинді хайуанаттар бағының тұрақты келушілері жақсы таниды.

Мамандардың айтуынша, аналықтар мен олардың төлдерінің жағдайы жақсы. Күннің жылынуына байланысты жануарлар жазғы қоршауларға шығарыла бастады. Енді келушілер олардың табиғи ортаға барынша жақын жағдайдағы тіршілігі мен мінез-құлқын тамашалай алады.

Төлдердің дүниеге келуі – хайуанаттар бағы үшін маңызды оқиға. Бұл жануарларды күтіп-бағу және көбейту үшін жасалған қолайлы жағдайдың нәтижесі.

"Аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурларда төлдің дүниеге келуі осы түрлердің генетикалық әртүрлілігін сақтауға ықпал етеді әрі келушілердің жабайы табиғатты қорғау мәселесіне қызығушылығын арттырады", – деді Алматы хайуанаттар бағы приматтар бөлімінің жетекшісі Шолпан Әбдібекова.

Алматы хайуанаттар бағы қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа кішкентай тұрғындармен танысып, олардың алғашқы қадамына куә болуға шақырады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Екі өңірде аптап ыстық болады". Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді