Күткендегідей емес, тізімнің көшін жұмысшы мамандықтар бастап, дәстүрлі түрде сұраныс жоғары педагогтар мен медицина қызметкерлерін артта қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Электрондық еңбек биржасында 1,09 миллион бос жұмыс орны жарияланған. Сарапшылар еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс алдағы уақытта да арта түседі деп болжап отыр.
Ең жоғары сұраныс білім беру, денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен сауда салаларында сақталады. Вакансиялар саны бойынша мұғалімдер мен медицина қызметкерлері алдыңғы қатарда болғанымен, кейбір мамандықтар бойынша жағдай біршама өзгеше.
2026 жылы ең сұранысқа ие 10 мамандық:
әртүрлі жұмыстарды атқаратын жұмысшылар – 80,9 мың вакансия; басқа да біліктілігі жоқ жұмысшылар – 63,9 мың; аула сыпырушылар мен ашық аумақтарды тазалаушылар – 50,8 мың; қоғамдық ғылымдар пәнінің орта мектеп мұғалімдері – 33,5 мың; орта буын мейіргерлік күтім қызметкерлері – 26,3 мың; өңдеу өнеркәсібіндегі біліктілігі жоқ жұмысшылар – 22 мың; науқастарға күтім жасайтын қызметкерлер – 20,2 мың; кеңсе тазалаушылары – 20 мың; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері – 19,7 мың; ғимараттарды тазалаушылар – 19 мың.
Болжамға сәйкес, еңбек нарығындағы ең жоғары сұраныс жаппай жұмысшы мамандықтары мен әлеуметтік салада шоғырланған.
Экономикаға қажетті кадрлардың елеулі бөлігі біліктілігі төмен еңбек пен абаттандыру саласына тиесілі. Бұл өндірістік және коммуналдық үдерістердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлерге қажеттіліктің жоғары екенін көрсетеді.
Сонымен қатар мұғалімдер, тәрбиешілер мен мейіргерлер тапшылығы елдегі демографиялық өсім аясында білім беру және денсаулық сақтау жүйелеріне түсетін жүктеменің артып келе жатқанын аңғартады, деп түйіндеді сарапшылар.