Жерге күшті магниттік дауыл келе жатыр

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған
2026 жылғы 8 маусымда Жерде күшті магниттік дауыл болатыны болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы және Күн-жер физикасы институты мамандары ескертті.

"Ресми түрде аяқталды деп жарияланып, көпшіліктің есінен шыға бастаған ай басындағы күн белсенділігінің күшеюі есептеулер бойынша бүгін планетарлық ауқымдағы күшті магниттік дауылға (G3 деңгейіне дейін) әкелуі мүмкін. 6 маусым күні Күннен жанама бағытта және төмен қарай ұшып кеткен плазма бұлты математикалық модельдердің болжамына сәйкес бүгін күтпеген траекториямен Жер маңына жетуі ықтимал", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мамандар бұл сценарийге толық сенімді емес екенін де жасырмады.

"Шынын айтқанда, адам ретінде бұл сценарийге жеке өзім аса сенбес едім. Бірақ қазір жасанды интеллект пен соған ұқсас жүйелердің есептеулеріне қарсы шығу қиын. Сондықтан бұл болжамды жариялап отырмыз", – деп жазылған ақпаратта.

Есептеулерге сәйкес, плазма ағыны Жерге дүйсенбі кешіне қарай жетуі мүмкін.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек